ЖаңалықтарМәдениетРуханият

ТҮРКІСТАНДА «ҚЫЗ-ЖІБЕК» ОПЕРАСЫН САХНАЛАНАДЫ

Бұл туралы брифингте ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының көркемдік жетекшісі Болат Бөкенов мәлімдеді.

«Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында гастрольдік сапармен алғаш рет өнер көрсеткелі отыр. Сапар аясында 22 маусым күні сағат 19:00-де «Қыз-Жібек» операсы сахналанса, 23 маусым күні сағат 19:00-де «Бір актілі балеттер кеші» көрермен назарына ұсынылмақ. Осы орайда біздің ұжым арнайы үлкен дайындықпен келіп отыр. Композитор Евгений Брусиловскийдің «Қыз-Жібек» операсы театрымыздың сахнасында алғаш рет 1934 жылы 7 қарашада қойылған. Операны ұжымдық шығармашылықтың жемісі деп айтуға болады. «Қыз-Жібек» — толығымен фольклорлы опера. Қойылымда ұлттық күй-әндер орындалады»,- деді Болат Салтайұлы.

Брифингқе қатысқан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жетекші опера солисі Дина Дүтмағамбетованың сөзінше, Түркістан музыкалық драма театрының сахнасы көрерменге қойылымның атмосферасын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, театрдың заманға сай жаңа технологиялармен жабдықталғандығын алға тартты. Сонымен қатар, брифингке қатысқан театрдың жетекші балет солисі Жанель Түкеева театр әртістерінің ұжымы үшін Түркістанда өнер көрсету үлкен мәртебе екендігін жеткізді. Сондай-ақ, түркістандықтарды «Қыз-Жібек» операсын тамашалауға шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ордабасылықтар бес ай қорытындысымен алдыңғы орыннан көрінді

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *