Бүгін, «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде филиал төрағасы Қ.Қыстаубаевтың қатысуымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында Сарыағаш АПБ ЖПБ бастығы, пoлиция пoдпoлкoвнигі Ибрагимoв Әсет Жақыпбекұлы және Сарыағаш АПБ ӘПБ-нің бастығы, пoлиция пoдпoлкoвнигі Мұсабек Бағдат Абсадықұлы қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматтар ішкі істер органына жұмысқа орналасу, пробация жұмысы, сақшы сарбазы болу, медиациялық жұмыстар жайлы мәселе көтерді.
Тұрақты жұмысқа орналасу бойынша Ә.Жақыпбекұлы дүйсенбі күні өтініш иесін полиция бөліміне келіп кадр бөліміне жолығуын айтты.
Сақшы сарбазы болу бойынша келген азаматтарға аудандық мансап орталығына жүгініп жұмыс жасауға болатындығын мәлімдеді.
Пробация жұмысын создыру, медиация бойыншада толықтай түсінік берілді.
«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы
Comments