Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасарымен онлайн форматта Сарыағаш және Келес аудандарынан айналма жол салу жобасын жүзеге асыру жөнінде талқылау өтті.
Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Түркістан облысы филиалы басшысы С.Алтынбеков, Түркістан облысының жер қатынастар басқарма басшысы Е. Тілеген аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов, жобалаушы мекеме өкілдері, ауданның жер қатынастары және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің мамандары қатысты.
Мәжіліс барысында айналма жолын салу жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар беріліп, сұрақтар қойылды.
Бұл “AMANAT” партиясының 2023- 2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасына сәйкес атқарылып отырған шаралардың бірі.
«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы
Comments