ӘлеуметҚоғам

ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ: САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫ 101-ГЕ КЕЛГЕН ҰОС АРДАГЕРІНІҢ АУЛАСЫН ТАЗАЛАДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай, бүгін аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Қ.Қыстаубаев және ауданның белсенді жастары Сарыағаш қаласының тұрғыны, ҰОС ардагері Ишхонов Эрмохон ақсақалдың үйіне барып, ауланы қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Ардагер жастарға соғыс кезінен әңгімелер айтып, өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Ұлы отан соғысының ардагері Ишхонов Эрмохон 1923 жылы 1 қаңтарда Ташкент облысы, Калинин ауданында дүниеге келген. 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақыртылып, соғысқа аттанған. 1945 жылдың аяғында, аяғынан жарақат алып, жарақатына байланысты Ташкент облысына қайтарылып, 1946 жылы 13 ақпанда Қырғызстандағы авиациялық бөлімге жіберілген. 1948 жылы әскери қызметін аяқтаған. I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы», «Мінсіз қызметі үшін», «Ерлігі үшін» т.б медальдармен марапатталған. Ардагердің ерлігі ұрпаққа үлгі, жастарға рух береді.
«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨТТІ (-1-)

Алдыңғы

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *