«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің регламентіне сәйкес Жетісай ауданының мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қайназаров Асқар кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар аудан депутатына тұрғын үй мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек мәселесі, жұмыс мәселесі бойынша жүгінді. Тұрғын үй мәселесі бойынша келген ауыл тұрғынына келген кезектері айтылып, кезегі келген кезде тәртіп бойынша берілетіндігі түсіндіріліп, заң аясында кеңестер берілді. Жұмыс және атаулы әлеуметтік көмек мәселесі бойынша келген қала тұрғынына құжаттарын қалалық
әкімшілікке барып тапсыру керектігі түсіндірілді.
Жалпы қабылдау аясында 3 азаматтың мәселесі жеке-жеке зерделеніп, мәселелері оң шешімін тапты. Және де мәселелері партия тарапынан шешілуіне дейін тұрақты бақылауға алынды.
«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы
КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Comments