ӘлеуметҚоғам

«AMANAT» партиясы аудандық филиал төрағасы жергілікті журналистермен кездесті

Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиал төрағасы Әділхан Асауов Жолдасұлы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына 2023 жылдың қорытындысы мен 2024 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізді.
Брифингте Әділхан Жолдасұлы ауданда 6750 партия мүшесін біріктіретін 19 бастауыш партия жұмыс жасайтынын, өткен жылы партиялық жарна 100%-ға, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 105,8 % орындалғанын мәлімдеді.
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында аудан халқына қолайлы жағдай жасау үшін барлық сала қамтылып, оның нақты орындалу мерзімі белгіленген. Аталған бағдарламаның орындалуы партияның бақылауында.
Қолға алынған жұмыстардың барлығы дерлік «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын, оған фракция депутаттарының да қолдау көрсетіп, атсалысқанын айта кеткен жөн.
Жалпы былтыр атқарылған жұмыстар аз емес, алда атқарылар жұмыстар одан да көп деуге болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел тұрмысын жақсартудағы тапсырмаларын орындау арқылы, біз алдағы уақытта ауданымыздың жоспарлары мен мақсат-міндеттеріне орай аймақ дамуындағы өзекті мәселелерді бірлесе шешіп, Қазақстанның өркендеуіне әрімен қарай үлес қосамыз деп сенеміз. Бүгінгі таңда жеке мүдделер емес, мемлекет пен ұлттың қауіпсіздігі, олардың болашағы басым болуы керек.
«AMANAT» партиясы — еліміздегі барлық өзгерістер мен жаңғырулардың бастамашысы. Біз билік пен қоғам арасындағы көпірміз.
«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы

ШЫМКЕНТ: АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Алдыңғы

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖАЛҒАСУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *