«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес қабылдау өтті. Аудандық мәслихат депутаты Марат Ділдәбеков , аудандық «Мансап орталығы» ның атаулы әлеуметтік көмек бөлім басшысы Толебек Тауов, Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бас маманы Болатжан Тәжінің қатысуымен азаматтардың арыз-өтініштерін тыңдау үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Аталмыш қабылдауға 2 азаматша өз өтініштерін арқалап келді. Қабылдау барысында аудан тұрғындарынан кәсіпкерлікпен 2.5%-пен несие мәселесі, балаларын лагерьге жіберу мәселесі, аудандық депутаттартың атқаратын қызметі сынды 3 өзекті мәселе көтеріліп, азаматтардың өтініш-шағымдары тыңдалды.
Жалпы қабылдау аясында 2 азаматшаның мәселесі жеке-жеке зерделеніп, мәселелері оң шешімін тапты.
Қабылдауға жүгінген аудан тұрғындарына жазғы лагерьге балалары жіберіледі және де кәсіпкерлік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудандық депутаттартың атқаратын қызметі жайлы сұрақ қойған азаматшаға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Және де мәселелері партия тарапынан шешілуіне дейін тұрақты бақылауға алынды.
«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы
Comments