ӘлеуметҚоғам

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес қабылдау өтті. Аудандық мәслихат депутаты Хамит Дуйсебаев , аудандық «Мансап орталығы» ның атаулы әлеуметтік көмек бөлім басшысы Толебек Тауов, Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бас маманы Болатжан Тәжі, Асық-Ата ауруханасы басшысының орынбасары Абдраимов Еркин Есилбаевич және Жетісай аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасарының қатысуымен азаматтардың арыз-өтініштерін тыңдау үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Аталмыш қабылдауға 5 азамат өз өтініштерін арқалап келді. Қабылдау барысында аудан тұрғындарынан тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік көмек, асп мәселесі, квартирный субсидия мәселесі, эпилепсияға дәрі алу мәселесі, пенсияға шығару мәселесі сынды 6 өзекті мәселе көтеріліп, азаматтардың өтініш-шағымдары тыңдалды.
Жалпы қабылдау аясында 5 азаматтың мәселесі жеке-жеке зерделеніп, мәселелері оң шешімін тапты.
Қабылдауға жүгінген аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Және де мәселелері партия тарапынан шешілуіне дейін тұрақты бақылауға алынды.
«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы

БЕДЕЛДІ БОЛУҒА БІЛІК КЕРЕК

Алдыңғы

КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *