ӘлеуметҚоғам

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН-ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Бүгін Шымкент қаласының және Түркістан облысының МКҚБ ММ 3 ПБ Жетісай ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының мәжіліс залында «Жаңа Қазақстан-әділетті қоғам» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға Жетісай аудандық мәслихат депутаты Кахарбай Исаев, Жетісай ауданының нотариусы Гульнура Акилбаева, Жетісай аудандық адвокаттар алқасының адвокаты Талгат Шахидинов, «Азаматтарға арналған үкімет» МКК Акционерлік қоғамы Түркістан облысы бойынша филиалының Жетісай аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімі маманы Арман Түзелов, Шымкент қаласының және Түркістан облысының МКҚБ ММ 3 ПБ Жетісай ауданы бөлімінің мамандары және Асықата кентінің тұрғыны Ж.Жұманова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?», «әділетті қоғамды құру үшін не қажет?» — деген сауалдарға жауаптар беріліп, талқыланды. Қарапайым халықтың мүддесі, биліктің қоғам алдындағы міндеті сынды мәселелерді ортаға салды.
«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы

Сәбит Мұқановтың туғанына – 124 жыл

Алдыңғы

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *