ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ КЕЗЕКТІ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Партия филиалының мәжіліс залында фракция төрағасы Н.Мережеповтің төрағалығымен Келес аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті отырысы өтті.
Мәжіліске аудандық филиал төрағасы А.Жұмабеков, аудандық мәслихат төрағасы Н.Шаулиев және фракция мүшелері қатысты.
Жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын өзекті заң жобалары бойынша фракция депутаттарымен талқыланды.
Күн тәртібіндегі өңірлерді дамыту бойынша «AMANAT» партиясының Келес ауданы бойынша 2024-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасының 2024 жылға межеленген тармақтарының І-тоқсанында орындалуы және аталған салаға қатысты бөлімдерде атқарылып жатқан жұмыстары жайлы аудан әкімінің орынбасары Д.Сариевтің, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қ.Кеңесов пен «Ауданының су шаруашылығы» МКК директоры Ж.Қылышбаевтың есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, аудан аумағында көктемгі дала егін жұмыстарына дайындығы, шаруалардың жеңілдетілген жанар-жағар май мен тыңайтқышпен қамтылуы және ауылшаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында шаруаларға 2,5%-дық мемлекеттік несие беру бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Аширбаевтің және Өңірлерді дамыту бойынша «AMANAT» партиясының Келес ауданы бойынша 2024-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасының 2024 жылға межеленген тармақтарының орындалуы жайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Шірінбековтің есептері тыңдалды.
Фракция мүшелері баяндамашылардың есептерін талқылап, бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтып, жиын соңында фракция отырысының қаулысын қабылдады.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы

ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ.

Алдыңғы

ПАРТИЯНЫҢ МАҚСАТЫ “ҰЛТТЫҚ МҰРА”ЖОБАСЫН НАСИХАТТАУ!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *