«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекіткен кестесіне сәйкес, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мекенбаев Қанат Ахмеджанұлы аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Жұмыс мәселесі бойынша жүгінген тұрғынға фракция мүшесі аудандық мансап орталыққа тіркелу керектігін, мемлекет тарапынан бизнес бастау үшін қазіргі таңда көп мүмкіндік беріліп жатқандығын, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында түсіндіріп кеңес берілді.
Қабылдауда болған тұрғындардың мәселелері бойынша алдағы уақытты тыңғылықты жұмыстарды жүргізіп, заңға сәйкес қаралып, көмек қолын созатындығын жеткізді. Өтініш иесінің мәселесі оң шешімін табатын болады.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы
Comments