ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН КЕЛЕС: ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА.

“Қарызсыз қоғам” қаржылық сауаттылықты арттыру семинары Біртілек ауылдық округінде жалғасын табуда.
1 сәуірден бастап Біртілек ауылдық округі Амангелді ауылы #9 Көлтоған атындағы жалпы орта мектебінде “Қарызсыз қоғам” қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында оқу семинары өтуде.
Мақсаты: Қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру.
Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген ауыл тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын алды.
Оқу семинары 1-5 сәуір аралығында жалғасын табады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КОРЕЯЛЫҚ КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ДЕПУТАТТАР АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ЕГУГЕ АТСАЛЫСУДА.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *