Келестік жастар республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экоакциясында өз белсенділіктерімен көзге түсуде. Олар аудан аумағындағы Келес өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. Нақтырақ айтсақ өзеннің техника күші кіре алмайтын тұстарында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарып, өскен қамыстарды орды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
− Еліміз бойынша қолға алынған тазалық акциясында ауданымыздағы көптеген аумақтар қоқыстан тазартылып, ағаш көшеттері егілуде. Экоакцияға аудан жастарымен бірқатарда «AMANAT» партиясы жанындағы «Jastar ruxy» еріктілерде атсалысуда. Олар техникалар кір алмайтын жерлерге қол күші арқылы көмек берді. Келес өзенінің арнасы қоқыстан тазартылып, өзен жағалауы ретке келтірілді, — деді аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Ташкенбай.
Айта кетейік, Келес өңіріндегі экоакцияға 85 жастағы зейнеткерлерден тарта 3 жастағы егіздерге дейін атсалысуда. Сонымен қатар білім беру ұйымдары да мектеп аулаларын тазалап, ағаш отырғызуда. Тазалық экоакциясы күн сайын ұйымдастырылып, жалпы 5 аптаға созылуы жоспарланған.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы
Comments