ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН КЕЛЕС: ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 сәуір және 11 мамыр арасында өткізілетін “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында «AMANAT» партиясы Келес аудандық партия филиалының қызметкерлері, партия ғимараты мен ауласын тазалық жұмыстарын жүргізді.
Туған жердің тазарып, көркейіп гүлденуіне өз үлесімізді қосу.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Бұл акцияның мақсаты: Өзімізден бастау, жұмыс орнымызды таза ұстап, табиғатты аялап, артық қоқыс заттардан арылту. Тазалық жұмыстарын өз туған өлкемізден бастау.
Акция 11 мамырға дейін жалғасады.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы

КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Алдыңғы

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *