ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ ОБЛЫСТЫҚ ФРАКЦИЯ ДЕПУТАТЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

Ақтөбе ауылдық округі, Жаңа дәуір ауылы тұрғындарының өтініші бойынша Түркістан облыстық облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Басымбек Бахыт Мүсірәліұлы, Келес аудандық мәслихат төрағасы Н.Шаулиев, аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Б.Авалбеков, ауылдық округ әкімі Е.Жасузаков және аудандық дербес бөлім басшылары елдімекен тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде тұрғындар ауылдың ішкі көшелеріне асфальт салу, егістік алқапқа жеткілікті мөлшерде ағын су жеткізу және жайылымдық жерлер бойынша мәселелер көтерді.
Басымбек Бахыт Мүсірәліұлына елдімекендегі ішкі көшелерді кеңейту бойынша көшелерді біртіндеп аралап көріп, ауылдық округ әкімі Е.Жасузаков және аудандық жер қатынастар бөлімі мамандары мен жер кадастры бөлімінің басшысына ішкі көшелердің тар екендігін, жол жиегіндегі қызыл сызыққа шыққан азаматтардың үйіргелік жерін өлшеу үшін тиісті жұмыстар жүргізуге ұсыныс беру қажеттігін айтып, ретке келтіру жайлы тапсырма берді.
Ал, тұрғындардың келісімі бойынша учаскелік жерлерді тексеріп қызыл сызыққа шыққан азаматтарға алғашында ескерту беріліп, орындамаған жағдайда айыппұл салынатындығын ескертті.
Ауылдық округ әкімі Е.Жасузаков ішкі көшелерді жөндеуге қажетті құжаттар тиісті бөлімге қаржы бөлуге ұсыныс берілгенін айтып өтті.
Аудандық мәслихат төрағасы Н.Шаулиев пен аудандық мәслихат депутаты Б.Авалбеков көтерілген мәселелерді қадағалай отырып, шешімін тапқанша бақылауда ұстайтындығын жеткізді.
Тұрғындар Басымбек Бахыт Мүсірәліұлына кездесуге арнайы келгеніне ризашылықтарын білдіріп, мәдениет үйі ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, ақсақалдар батасын берді.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ДИХАНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Алдыңғы

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА МЕКТЕП ЕРІКТІЛЕРІ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *