ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Келес аудандық «Жастар ресурстық орталығы» және «Jastar ruxy» еріктілер «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында қайырымдылық әрі тазалық жұмыстарын жалғастыруда.
Аудандағы ауылдық округтердегі қарттардың үй жайлары мен аулаларын тазартып әктеу-сырлау жұмыстарына қолғабыс жасауда.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясындағы жұмыстар алдағы күндері жалғасын табады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы

МАЙДАНГЕР ҚАРИЯМЕН МАҚТАНАМЫЗ!

Алдыңғы

“ЕСІКТЕН ЕСІККЕ” АКЦИЯСЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *