ӘлеуметҚоғам

«ТҮЛКІБАС» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес «Түлкібас» бастауыш партия ұйымының жиналысы өткізілді. Жиынға аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Е.Жүнісов, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының жетекшісі Р.Қарақұлов, Түлкібас кенті әкімі Е.Айтымбетов, «Түлкібас» БПҰ төрағайымы П.Абдыбековаға қатысты. Жиында филиалдың атқарушы хатшысы Ержан Әліұлы партияның 2024 ж І тоқсанында атқарылған жұмыстарымен таныстырып, баяндама жасады. Сонымен бірге БПҰ жиыны барысында Түлкібас кенті бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тоғысбаев, қоғам белсендісі Р.Ерболұлы кентке қатысты бірнеше мәселелерді көтерді, оның ішінде тозығы жеткен темір жол вокзалындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу қажеттілігі айтылды. Филиалдың атқарушы хатшысы Ержан Әліұлы, фракция жетекшісі Рамжан Жаңабайұлы жиын соңында жаяу жүргіншілер көпіріне барып, қазіргі жағдайымен танысты. Нәтижесінде партия тарапынан бұл мәселе бақылауға алынып, алдағы уақытта жоғарыдағы КТЖ басшысына сауал ретінде жолданатын болады. БПҰ жиындары жалғасын табады.
«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы

КӘСІПОДАҚ АКТИВТЕРІМЕН ОНЛАЙН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *