ӘлеуметҚоғам

АУДАНДЫҚ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес «Машат» және «Арыс» бастауыш партия ұйымының жиналыстары өткізілді. Жиынға аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Е.Жүнісов, Машат а/о әкімі Д.Раймбеков, Арыс а/о әкімі О.Сатыбалдиев және БПҰ төрағалары қатысты. Жиында филиалдың атқарушы хатшысы Ержан Әліұлы өзінің өмірбаянын және партияның 2024 ж І тоқсанында атқарылған жұмыстарымен таныстырып, баяндама жасады. Округ әкімдері еліміздің су тасқанынан зардап шеккен облыс тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге және ауыл тұрғындарын қоршаған ортаны қорғау арқылы Отанға деген патриоттық сезімді ояту мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» атты экологиялық акцияға белсене қатысуға шақырды. Сонымен бірге БПҰ мүшелері білдірген ұсыныстары қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі айтылды.
«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы

ҚОС БАЗАР КӘСІПКЕРЛЕРІ БАТЫСҚА КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Алдыңғы

Ауылшаруашылығын субсидиялауда ақпараттық жүйе қызметіндегі кедергілер жойылды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *