Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 сәуір және 11 мамыр арасында өткізілетін “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы ғимараты айналасында көктемгі тазалық жұмыстары жүргізілді. Туған жердің тазарып, көркейіп гүлденуі — баршаға ортақ.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Бұл акцияның мақсаты: Өзіміздің жұмыс орнымызды таза ұстап, табиғатты аялап, артық қоқыс заттардан арылту. Тазалық жұмыстарын өз туған өлкемізден бастау.
ФИЛИАЛ ҒИМАРАТЫ АЙНАЛЫСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Comments