Бүгін бекітілген кестеге сәйкес «Тастұмсық» және «Рысқұлов» бастауыш партия ұйымының жиналыстары өткізілді. Жиынға аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Е.Жүнісов, аудандық мәслихаттың төрағасы Х.Байысбаев, Тастұмсық а/о әкімі Қ.Сарсембаев, Рысқұлов а/о әкімі Н.Нышанбай және БПҰ төрағалары қатысты. Жиында филиалдың атқарушы хатшысы Ержан Әліұлы өзінің өмірбаянын және партияның 2024 ж І тоқсанында атқарылған жұмыстарымен таныстырып, баяндама жасады. Жиналыс барысында партияның атқарушы хатшысы Азаттық ауылдық округінің тұрғындарына еліміздің су тасқанынан зардап шеккен облыс тұрғындарына көрсеткен гуманитарлық көмектері үшін ерекше алғысын жеткізді. Сонымен бірге округ әкімдері қоршаған ортаны қорғау арқылы Отанға деген патриоттық сезімді ояту мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» атты экологиялық акцияның осы аптадағы «Киелі мекен» атты апталығына белсене қатысуға шақырды. Одан бөлек мәслихат төрағасы Х.Байысбаев аудандық мәслихат тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасап, «AMANAT» партиясының жұмысына сәттілік тіледі.
«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСТАРЫ ӨТТІ

Comments