ӘлеуметҚоғам

АСА КӨРНЕКТІ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ Т.РЫСҚҰЛОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АУМАҒЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Түлкібас аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” республикалық акциясы бойынша “Киелі мекен” апталығы аясында күре жолдың бойында орналасқан мемлекетіміз бен қоғамның аса көрнекті қайраткері, түркі халықтары ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Тұрар Рысқұловтың ескерткіші аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Филиалдың атқарушы хатшысы Е.Жүнісов, Түлкібас аудандық полициясы Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатбаев акцияға қатысып, еріктілермен бірге ескерткіш маңына емен ағаштарының көшетін отырғызды. Еріктілер және Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің студенттері, “Көрікті ел” экологиялық мекемесінің қызметкерлері қатысты. Жалпы іс-шараға 150 адам қатысып, өз үлестерін қосты. Оның ішінде 50 жастар мен еріктілер жәнеде студент жастар. Акция барысында айналадағы түрлі ағаштар әктеліп, жерлері қопсытылып, орындықтар мен қоршауларды сырлау жұмыстары жүргізілді. Барлық акцияға қатысушыларға алғыс білдіреміз. Аудан тұрғындарын “Таза қазақстан” Республикалық акциясына қатысуға шақырамыз.
«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

«КИЕЛІ МЕКЕН»: ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕН АУМАҒЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *