Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығына орай «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойында қоқыс қалдықтарын тазалау, әктеп сырлау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы қызметкерлері мен мемлекет және дербес бөлім ұжымдары сенбілікке шығып, акцияға белсенді түрде атсалысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Құрметті аудан тұрғындары әр біріміз ауламызды таза ұстайық, табиғаттың тазалығына үлес қосайық.
«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы
Comments