ӘлеуметҚоғам

ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті. Бюро отырысын партия ардагері, Бюро төрағасының орынбасары Нұранов Асланбек Тұрабекұлы ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.
1. «AMANAT» партиясы Түлкібас ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуы барысы туралы аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қ.Қоқанбаевтың есебін тыңдау;
2. Аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің «Жер аманаты» бағдарламасы бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстары жайлы Қ.Еркебаевтың есебін тыңдау.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Қ.Қоқанбаев 2023 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, Бюро мүшелері тарапынан қанағаттанарлық деген баға берілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Еркебаев «Жер аманаты» бағдарламасы аясында 2023 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады. 2023 жылы елді мекеннің ортақ жайылымына 6000 га. жайылым жер учаскесін қайтаруға меже қойылды. Қазіргі таңда жалпы алаңы 6011 га. жайылым жер учаскесі қайтарылды, оның ішінде: 1705 га. өз еркімен бас тартқан арызына сәйкес және сот тәртібі арқылы 4306 га. жайылым жер учаскесі қайтарылды. 2023 жылы жоспар бойынша 10800 гектар жайылым жерге меморандумға түзуге меже қойылып, меморандум 23 733 гектарға орындалды.
2024 жылға ортақ жайылым жер учаскесін қайтаруға 1500 га. меже қойылды.
15 кент, ауылдық округке жоспар түзіліп, бекітілген. Ай сайын қадағалап, орындалуын бақылап отырмыз. Бүгінгі күнге 87 га. жер учаскесі қайтарылды. Жыл соңына дейін толық орындалады деп күтілуде.
«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы

ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ САЯСАТЫ – ЕЛДІГІМІЗ БЕН ТІРЛІГІМІЗДІҢ НЕГІЗІ. ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Алдыңғы

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТҮРКІСТАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР САЯБАҚҚА 100 ДАНА АРША АҒАШЫН ОТЫРҒЫЗДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *