ӘлеуметҚоғам

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ТҮЛКІБАСТЫҚ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасында «Бейбітшілік, келісім, бірлік – мемлекетіміздің негізі» деп жазылған.
Партияның «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасында да мемлекеттің бүтіндігі мен бірлігі – азаматтық қоғамның қалыптасқандығы және негізінің болуы екендігі де аталып өткен.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі, бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Осы мақсатта 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Түлкібас аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Ержан Әліұлы ауданымыздағы қоғамдық келісімді сақтауға, ұлтаралық ынтымақты нығайтуға айтарлықтай үлес қосып жүрген бірқатар этномәдени орталық өкілдерін мерекемен арнайы құттықтап, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен бірге жиынға арнайы шақыртылған бастауыш партия ұйымы төрағаларына «AMANAT» логотипі бейнеленген төсбелгі тағылды.
Шара барысында этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңдерде қол ұшын беріп, өсіп-өнулеріне, тілі мен дінінің сақталуына жағдай жасаған, Тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт және жарқын өмір үшін Қазақ еліне деген ыстық ықыластарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»

Алдыңғы

Шымкентте әскери техника жазғы кезеңге дайындалуда

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *