ӘлеуметҚоғам

2023 жылы атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өтті. (-1-)

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Е.Исақұлов брифинг өткізді. Брифингтің мақсаты- партиямыздың 2023 жылы атқарылған жұмыстарымен таныстыру. Сондай-ақ, халықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалог қамтамасыз ету. Аталған шараға, Республикалық «Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы, «Киелі Қазығұрт» газетінің редакторы С.Мамбеталиев, Қазығұрт аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Б.Абуов, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жастар, БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кетейік, Қазығұрт аудандық партия филиалының 6041 партия мүшесі бар. 14 бастауыш партия ұйымына біріккен партия мүшелерінің- 3816 әйелдер, 2193 ерлерді құрайды. Оның ішінде 4968 жұмыс істейтіндер, 89-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 56-жұмыссыздар, 521-зейнеткерлер, 54-мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 353-бала күтіміндегі аналар.
Ішкі партиялық жұмыстардың негізгілерінің бірі партия мүшелерінің қатарын толықтыру. Есепті кезеңде (2023 жылы) партия қатарына қабылданғандар саны 106 адамды құрап отыр.
«Кедергісіз келешек», «Мектепке жол», «Құқытық көмек», , «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» партиялық жобалары аясында, қоғамдық қабылдаулар өтікізіліп, жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша Қазығұрт ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында Шарбұлақ, Шанақ, Қызылқия және Қақпақ ауылдық округтерінен 1,4 млрд. теңгені құрайтын 258 өтінім қабылданған. Атап айтсақ, Шарбұлақ 58, Шанақ 46, Қақпақ 61, Қызылқия 93 өтінім қабылданды…

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Алдыңғы

2023 жылы атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өтті. (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *