Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп жатыр «Таза өлке» апталығында абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
«AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қызметкерлері де өз үлесін қосуда. Филиал қызметкерлері өз аумақтарын күл-қоқыстардан тазартып, талдарды әктеу жұмыстарын жүргізді.
Әр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаттары бар. 6-13 сәуір аралығында «Таза өлке» апталығы өтсе, 13-20 сәуір аралығында – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығында – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін «Өнегелі ұрпақ» апталығы, 4 мамырдан 11 мамырға дейін «Мөлдір бұлақ» апталығы өтпек. Одан кейін осы жұмыстарды дағдыға айналдыру көзделген. Жұмыстар қарқынды жалғасын табатын болады.
«AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Comments