ӘлеуметҚоғам

ШАРДАРА: ҚАРЖЫЛЫҚ ПРОБЛЕМАНЫ ШЕШУ-КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТҰРҒАН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ. (-1-)

“Қарызсыз қоғам” жобасы Қаржылық сауаттылықты арттыру курсы Шардара ауданында да осы жылдың ақпан айының басынан басталып, сәуір айының 26- шы жұлдызы аралығында толық курсы өтті.
«AMANAT» партиясының бастамашылығымен жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырушылығымен “Қарызсыз қоғам” атты жобаның толық курсы өтті.Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша “Ұлы дала” бірлестігінің сарапшы-экономисті Мұратжан Есенбаев жүргізді.
Жобаның мақсаты: Қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Оқу курсына қатысуға биылғы жылға жоспарланған 700 азаматтың орнына 778 ауыл тұрғындары мен әр түрлі сала мамандары аудан жастары қатысып толық курсын тәмандағаны туралы “AMANAT”партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы қол қойған “Қарызсыз қоғам” “Сертификатын” алды.
Оқу курсының соңғы аптасындағы Шардара қаласындағы Оқушылар үйінде өткен семинарға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлы Шомпиев,»AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасы Бекет Ережеп Құдайбергенұлы,жоба сарапшысы Мұратжан Бекболатұлы Есенбаев , БАҚ өкілдері қатысты.
— Бүгінде 6,0 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен қатар бір жарым миллионнан астам қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады.

ШАРДАРАЛЫҚТАР ЭКОАКЦИЯНЫ ҚОЛДАП, ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ

Алдыңғы

ШАРДАРА: ҚАРЖЫЛЫҚ ПРОБЛЕМАНЫ ШЕШУ-КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТҰРҒАН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ. (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *