ӘлеуметҚоғам

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БІРЛІГІ КҮНІ-ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІНІҢ АЙҚЫН БЕЙНЕСІ,БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ,ТҰРАҚТЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МАҢЫЗДЫ МЕРЕКЕ! (-2-)

Партия қазақстандық қоғамның тілдік бүтіндігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ағартушылық және біріктіруші бастамаға ие мемлекеттік тілге ерекше міндет жүктелген. Осыған орай, партия қазақ тілінің деңгейлі дамуы мен оның тәжірибелік рөлін кеңейтуді қолдайды.
Басты мақсат: бірлік, бейбітшілік пен келісім, халықтар мәдениетінің бірлігі құндылықтарын насихаттау.
Шардара ауданының құрылысы, яғни Шардара СЭС құрылысы 1958 жылы басталған болатын. Сол жылдары екпінді көп ұлтты 44- ұлттан құралған комсомол жастар белсене қатысып, жұмыс жасады.
Бүгінгі сол көп ұлтты жастардан қазіргі таңда солардың ұрпақтарынан ауданымызда 3500 ға жуық 38-ұлт өкілдері тыныштық өмір сүріп,ауданымыздың өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосып жұмыс жасауда.
Бүгін 30-шы сәуір күні “Қазақстан халқының бірлігі” мерекесі қарсаңында “AMANAT” партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Құдайбергенұлы Бекет 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтауға аудандағы бірнеше ұлт өкілдерін қабылдады.
Иран ұлтының өкілі қарапайым шаруа малдәргері партия ардагері Азани Камал Азизовичті ,Тәжік ұлтының өкілі зейнеткер ұстаз Иринна Рашидовнаны, Молдаван ұлтының өкілі партия ардагері Марина Анчованы, Армян ұлтының өкілі спорт мектебінің есепші партия белсендісі Одинаева Ларисаны, Кәріс ұлтының өкілі партия белсендісі Орталық аурухананың Жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі дәргер-реаниматолог Ким Татьяна Геннадиеваны арнайы қабылдап, жұмыс орындарына барып халқымыздың ынтымақ-бірлігін сақтауда,еліміздің өсіп өркендеуіне үлестерін қосып келе жатқандарына ризашылығын білдіре отырып, “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Үмбеталиевтің атынан “Алғыс хат” пен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық, ынтымақ бірлік тіледі.

МЕЖЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҮЙЛЕСТІРУ – МІНДЕТІМІЗ (-1-)

Алдыңғы

МЕЖЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҮЙЛЕСТІРУ – МІНДЕТІМІЗ (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *