ӘлеуметҚоғам

ҚАЗЫҒҰРТТА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында облыс тұрғындарын «Сапалы, таза ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету» бөлігі қарастырылған. Жол картаның 88-тармағында «5 жылда кемінде 100 елді мекенді газдандыру» және ауылдық елді мекендерді табиғи газбен жабдықтау деңгейі 54,1 пайыздан 94,5%-ға дейін жеткізілу қарастырылған.
Жуырда Қазығұрт ауданында автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Енді 9 елді мекен халқы табиғи газбен қамтылады. Құрылысы 2017 жылы басталып, аяқсыз қалған нысан билік тарапынан жіті назарға алынып, жұмысы аяқталды. Оған республикалық бюджеттен тиісті қаржы қаралған. «Шанақ» автоматты газ тарату станциясының құрылысы барысында жалпы 18 000 метр газ құбыры тартылды.
Айта кетейік, Қазығұрт инфрақұрылыммен қамтылу жағынан ең дамыған аудандардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, ауылды дамытуға күш салынған. Қазығұрт ауданындағы 61 елді мекеннің газға қосылмаған төртеуі ғана қалды. «Шанақ» автоматты газ тарату станциясының қуаттылығы 15000 м3/сағатты құрайды, 10-нан астам елді мекенге газ жеткізуге қауқары бар. Ал, қазіргі таңда атаулы газ тарату станциясының 6 елді мекенде (Шанақ, Ақжар, Ызабұлақ, Ескі Шанақ, Шанақ бекеті, Бақабұлақ) құрылыс жұмыстары аяқталып, 4 мың тұрғын, яғни, 600-ге жуық абонент табиғи газбен қамтамасыз етіліп жатыр.
Түркістан облысында былтыр 111 мыңнан астам тұрғын табиғи газдың игілігін көрген болатын. Одан бөлек, соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізілгенімен әлі пайдалануға берілмеген нысандарды іске қосу бойынша жұмыстар қарқын алды. Халық санымен есептегенде, қазіргі таңда 1 млн 650 мыңға жуық халық яғни, облыс тұрғындарының 77,8 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр. 2023 жылы 27 жоба іске асырылып, 27 елді мекенге табиғи газ кірді. Биыл газдандыру жұмыстарына 10,1 млрд теңге қаржы бөлінген. 71 нысанның құрылысы жүргізілмек. Жыл соңына дейін оның 38-і пайдалануға беріледі.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ЕРЛІКПЕН, ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕЛІ ӨМІР (-1-)

Алдыңғы

ҒАСЫР ЖАСАҒАН СОҒЫС АРДАГЕРІ ҮЙІНІҢ АУЛАСЫ ТАЗАЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *