ӘлеуметҚоғам

ЕҢБЕККЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Еңбеккерлердің еңбегі мен еркіндігін сенімді қорғау кәсіподақтардың басты міндеттерінің бірі. Осы ретте, кәсіподақ қозғалысын дамыту және кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру мақсатында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі мен «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төраға орынбасары Лесбай Қозбахов Түркістан облысы, Леңгір қаласындағы тігін фабрикасы еңбек ұжымының жұмыскерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі қатысушыларға Кәсіподақтар Федерациясының 2024 жыл — «Лайықты еңбек жылы» деп жариялануына орай, бүгінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және жұмыс жағдайларын жақсарту, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, өмір сүру деңгейін көтеру мен лайықты жалақымен қамтамасыз ету сияқты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, ұжым қызметкерлерін кәсіподақ мүшелігіне өтуге шақырды.
Өз кезегінде еңбек ұжымының мүшелері өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА!

Алдыңғы

ЕРЛІКПЕН, ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕЛІ ӨМІР (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *