Бүгін «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қансеитов Қуанышбек Үсібәліұлы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізді.
Брифинг барысында аудандық партия филиалының басшысы атқарушы хатшысы Қансеитов Қуанышбек Үсібәліұлы партиялық жобалар, сайлауалды бағдарламаның орындалуы, Жол картасы аясында және партия филиалының 2023 жылы және 2024 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша баяндады.
Қазіргі таңда аудан тұрғындарымен кездесулер мен қоғамдық қабылдаулардың тұрақты түрде кестеге сай өткізіліп жатқандығын атап өтті.
Сондай-ақ, халықтың өтініштерінің басым бөлігі инфрақұрылым жүргізу, аббаттандыру, ортақ жайылым және әлеуметтік мәселелерге қатысты екенін айтып, мемлекеттік органдармен бірлесіп, олардың оң шешілуіне атсалысып жатқандығын жеткізді.
Сонымен қатар, филиал атқарушы хатшысы партияның бірқатар бағдарламалары аясында ауданда көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында салынып жатқан білім ошақтарының құрылыс жұмыстары,іске асып жатқан әлеуметтік жобалар да партияның жіті қадағалауында екенін атап өтті.
Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдыраның өкілдері өзекті мәселелер төңірегінде сұрақтар жолдап, тиісті жауаптарын алды.
Comments