ӘлеуметҚоғам

ДЕНСАУЛЫҚ — БАЙЛЫҚТАН ҚЫМБАТ

«AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалы, «Ленгір қалалық емхана» ШЖҚ МКК-мен бірлесекен «Ардагерлерді ардақтайық», » Бақытты отбасы», » Кедергісіз келешек » атты партиялық жоба аясында » Ашық есік » күні өткізілді. Сонымен қатар «Ашық есік күні» қалалық емханаға келген Ленгір қаласының тұрғындарын «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қансейітов Қуанышбек Үсіпәліұлы, қалалық емхананың басшысы Чалкаров Алимхан Бакірұлы,басшының емдеу жөніндегі орынбасардың м.у. а. Рысбаев Сағынтөре Тоқтабайұлы, аудандық мәслихаттың депутаттары фракция мүшелері Жабаев Ерболат, Омаров Ділмұрат, Умутбаев Болат көшпелі қабылдау өткізді.
Емхана басшысының орынбасары Кенжебаева Меруерт Сайлаубекқызы емханадағы іс-шараны ұйымдастыруына атсалысып, өзі толықтай қатысып, байқау жүргізіп, әр-бір дәрігерлік тексерілуге келген тұрғындармен сөйлесіп, керекті дәрігерлерге көрінуіне сүйемелдеу жасады. Ашық есік күні барлық мамандар: хирург, травматолог, кардиолог, неврапатолог, онколог, стоматолог, эндокринолог, отоларинголог, офтальмолог, инфекционист, дерматолог дәрігерлері, УДЗ, Спирография, ЭКГ т.б барлық медициналық қызметтер ешкандай талонсыз жолдамасыз келген тұрғындарға жоғары деңгейдегі медициналық көмекті көрсетті.
Адам денсаулығы адамзаттың ең құнды байлығы. Адам өз денсаулығын жас кезінен сақтауға міндетті, өйткені мықты ұлтты қалыптастыратын дені сау адам.
Біздің денсаулығымыз баға жетпес дүние. Бұл күні денсаулық дегеніміз тек аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге біздің жанымыздың жай-күйінің тыныштығы екенін есте ұстаған жөн.
Бүгінгі түске дейінгі іс- шараға жалпы саны- 358 пациент келіп қаралып, ал 17 пациент өтініштерін ,шағымдарын және алғыстарын білдірді.
Қалалық Емханадағы
«Ашық есік күніне» орай өткен шараға «Amanat» партиясының өкілдері, емхана ұжымы белсене қатысқан тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстауға шақырды!

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Алдыңғы

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *