Бүгін, «АМАNAT» партиясы, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Акмалжан Исаков, бақылау комиссиясының мүшелері Ержан Асқаров, Абдирасул Юсупов, Гуломжон Ирискельдиев және БАҚ өкілдері Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округіне қарасты, жаңадан соғылып жатқан спорт кешеннің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Тапсырыс беруші, Сайрам аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі, Мердігер «НұрТехСервис» ЖШС, техникалық қадағалаушы «ЮгТехНадзор» ЖШС, авторлық қадағалаушы «А Строй Проект» ЖШС. Жоба құны келісім бойынша 656668812,97 теңге, құрылыстың басталуы 2023 жылдың сәуір айында, ал аяқталуы мерзімі 2024 жылдың маусым айы.
Бүгінде, құрылыс нысанның жұмыстары сапалы және бөлінген қаржы толық жұмсалып жатқаны анықталды.
Бірақ, бақылау барысында, бүгінгі таңда нысанның шамада 70% пайызы орындалып, белгіленген мерзіміне дейін құрылыс нысан бітпей қалуы қауіпі болғандықтан, ПБК мүшелері шұғыл түрде мекеме басшыларына жұмысшы-мамандардың санын көбейтуге және өз мерзімде нысанды тапсыруға бір-қатар ескертулер мен ұсыныстарды берді.
Мекеме басшылары айтылған ұсыныстарды ескеріп, құрылыс нысанды өз мерзімінде тапсыруға уәде етті. Айта кетейік, нысанда партиялық бақылау бекеті орнатылған, құрылыс нысанның сапасы мен бөлінген қаржысы оның толық жұмсалуы және тапсырыс беруші мекемелері мен мердігерлердің жұмыстары «АМАNAT» партиясы, Партиялық бақылау комиссиясының назарында.
Comments