Бүгін «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Атырау өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдағы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында көтерілген өзекті мәселелер бойынша «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті.
Кездесуді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Кеңес отырысына аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков және мүшелері, Ауданның мәслихат депутаты,фракция жетекшісі Бекжан Алимжанов, кәсіби медиатор Сайера Даванова және кәсіби емес медиаторлар, Сайрам ауданының бас имамы Оспанов Арыстан Оразалыұлы, «Ақсукент»БПҰ төрағасы Берік Құдайбергенов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Кеңес отырысында Аманкелді Қабылбеков сөзінде: Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды, ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе, елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар – қазақтың қаймағы, ұлттың мақтанышы. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Яғни, алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек – деп құрылтайда айтылған маңызды мәселелерге тоқталып өтті.
Келесі сөз алған Арыстан Оразалыұлы: Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыру керек екендігін кеңінен насихаттады.
Жарыссөзге шыққан ауданның құрметті азаматы А.Құрманбеков: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға ұмтыламыз. Өнімді еңбек етіп, сапалы білім алып, ортақ мақсатқа бірге жетеміз деп, ойымен бөлісті.
Comments