Елімізде жүзеге асырылып жатқан түбегейлі реформалар аясында «әлеуметтік ұстанымдағы мемлекет» құру бағыты «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасында көрініс тапқан. Мемлекеттің ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қамқорлық көрсетуін үйлестіру ісін партиямыз өз бақылауына алған.
Нәтижесінде, мүмкіндігі шек¬теулі тұлға¬ларға арналған «кедергісіз орта» қа¬лыптастыруға байланысты міндеттер «Кедергісіз келешек» партиялық жобасында қамтылып, «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Бағдарламада көзделген міндеттерді іске асырудың Жол картасында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқығын қорғауға арналған нақтылы жұмыс бағыттары белгіленген.
Партияның Бәйдібек аудандық филиалы Сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасы бойынша аудандағы қоғамдық маңызы бар нысандардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді болуын үйлестіруде кезекті зерделеу жұмыстарын атқарды. Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты, партиялық фракция мүшесі Алмас Елеусіз және партияның аудандық филиалының консультанты Арайлым Оразымбетова қабылданған жоспар бойынша биылғы жылы ауданда бейімдеуге жататын нысандардың дайындық барысын қоғамдық бақылаудан өткізді.
Айта кету керек, Жол картасы шеңберінде Бәйдібек ауданында жыл соңына дейін тұрғындар көп баратын 17 нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолжетімді әрі қолайлы болуы тиіс деп белгіленген. Осы міндеттің орындалуын үйлестіруде партияластарымыз аудан орталығы – Шаян ауылындағы «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесінің, орталық кітапхананың кіре берісіндегі пандустардың ахуалын зерделеуден өткізді. Қоларбамен келетін азаматтардың ғимаратқа кіріп-шығуы қиын екені жауапты азаматтарға түсіндіріліп, пандустарды техникалық параметрлерге сәйкестендіру мәселесі ескертілді.
Аудандық партия филиалы бұл мәселені айрықша бақылауында ұстап, ғимараттардың ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімді болуын үйлестіруді тұрақты назарына алды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Comments