ӘлеуметҚоғам

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨТТІ (-1-)

Ал, Манкент ауылының тұрғыны Файзулла Хожамкулов 600 орынға арналған Айнабұлақ мектебінің құрылысы қазіргі таңда қаржыға байланысты тоқтап тұрғанын, құрылыстың жоспарға сәйкес жүргізілмей жатқанын жеткізді. Осыған орай, қаржы мәселесін облыс көлемінде қарастырып, мәселені шешіп беруді өтінді. Сонымен қатар, Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Ағайбек Датқаев Қасымбек Датқа ауылы арқылы өтетін «Шымкент-Шаян» бағытындағы облыстық маңызы бар автожолының «Батыс Қытай Батыс Европа» магистралды автожол қиылсындағы жол бөлігі ойылып түскендігін айтып, жолды өз қалпына келтіру үшін көмек сұрады. Бұл мәселе бойынша Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына арнайы хат жолданатынын түсіндірді.
Тұрғындардың өтініш-тілегін мұқият тыңдаған Алтынсары Дүйсенбекұлы ауыл азаматтары көтерген мәселелер облыс әкімдігінің тиісті салалық басқармаларымен бірлесе қарастырылатынын айтып, партия бақылауына алынатынын жеткізді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨТТІ (-1-)

Алдыңғы

ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ: САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫ 101-ГЕ КЕЛГЕН ҰОС АРДАГЕРІНІҢ АУЛАСЫН ТАЗАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *