Сайлаушылармен кері байланыс арнасын түзіп, олардың өтініштерін тыңдау, азаматтар көтерген мәселелердің шешім табуына жәрдемші болу – партиялық қызметтің басты мәні болып табылады. Осы міндет аясында партияның барлық филиалдары жанынан қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс жүргізеді, облыс орталығынан шалғайда жатқан елді мекен тұрғындары үшін мобильді көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізіліп келеді, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде азаматтардың талап-тілектерін бекітілген құқықтық тетіктер арқылы шешіп отыру үрдісі енгізілген.
Тұрғындармен арадағы байланыстың мейлінше нәтижелі болуын үйлестіруде «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының басшылығы аудан, қалалардағы партия филиалдарының алаңдарында жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізуде. Дәстүрге айналған осы бастаманың ізімен бүгін партияның өңірлік филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиевтің жеке қабылдауы Сайрам ауданының орталығы – Ақсукентте өтті.
Партиялық қабылдаудың шуақты мемлекеттік мереке – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізілуінің де өзіндік себебі бар. Сайрам ауданы – түрлі этнос өкілдерін бір үйдің баласындай біріктіріп отырған берекелі шаңырақ. Ынтымағы ұйысқан, берекесі тасыған аймақтың құтты қоныс, ырысты өлкеге айналуына әр ұлттың өкілі қосып отырған үлес бар. Жасампаз еңбегі қоғамды біріктіруші күшке айналған аймақ тұрғындарының өзекті деген сауалдарына үн қату – партиялық борышымыз деп білеміз.
Өңірлік партия филиалы төрағасының қабылдауына арнайы жазылған Қасымбек Датқа елді мекенінің тұрғыны ауылда мәдениет үйін салуға ықпал етуін сұрады…
КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨТТІ (-1-)

Comments