ӘлеуметҚоғам

БІРЛІГІ БАР ЕЛДІҢ БЕРЕКЕСІ АРТАДЫ

«AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасында «Бейбітшілік, келісім, бірлік – мемлекетіміздің негізі» екені айтылған. Партияның «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасында да мемлекеттің бүтіндігі мен бірлігі – азаматтық қоғамның қалыптасқандығы көрсетілген.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі, бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Осы мақсатта 1 мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Арыс қалалық партия филиалының басшысы Бақтығали Ділдәбеков қаладағы қоғамдық келісімді сақтауға, ұлтаралық ынтымақты нығайтуға айтарлықтай үлес қосып жүрген бірқатар этномәдени орталық өкілдерін мерекемен арнайы құттықтап, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің алғыс хаттарымен марапаттап, сый-сияпат жасады.
Шара барысында этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңдерде қол ұшын беріп, осында өсіп-өркен жаюына, тілі мен дінінің сақталуына жағдай жасаған, Тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт және жарқын өмір үшін Қазақ еліне деген ыстық ықыластарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

МЕЖЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҮЙЛЕСТІРУ – МІНДЕТІМІЗ (-2-)

Алдыңғы

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨТТІ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *