ӘлеуметҚоғам

МЕЖЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҮЙЛЕСТІРУ – МІНДЕТІМІЗ (-1-)

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында қамтылған басымдықтар – тұрғындар білдірген өтініш-тілектердің негізінде түзілген. Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картамызда Түркістан облысы көлемінде алдағы бес жылдық мерзімде атқарылуы тиіс жоба-жұмыстар түгел қамтылды.
Бес жылдық белесті белгілейтін партиялық жоспардың құрамдас тамақтары ретінде аудандық, қалалық партия филиалдарының Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол карталары бекітілген. Құжатта қарастырылған әрбір мәселенің жыл сайынғы даму динамикасын белгілеп, қол жеткізілуі керек аралық индикаторлары айқындалған. Жұмыс көрсеткіштерінің орындалуы – партия басшылығының тұрақты назарына алынған.
Отырар ауданына жасаған жұмыс сапары аясында партияның Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева Ақтөбе елді мекеніндегі мәдениет үйінің құрылыс барысын қадағалады. Мердігер ұйымның өкілдерімен, құрылысты жүргізіп жатқан жұмысшылармен жүздесу барысында құрылыстағы өндірістік кестенің сақталуы, қажетті материалдардың уақтылы жеткізілуі, арнайы құрылыс техникалары мен жұмыс күшінің жеткілікті болуы мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, мәдениет үйінің құрылысы отырарлық партияластарымыздың тұрақты бақылауына алынған. Концерт залы 150 көрерменге шақталған бұл нысанда ауыл балалары үшін түрлі өнер үйірмелері ашылатын болады. Хореография мен вокал, театралдық өнер, музыкалық аспаптар үйірмесі жұмыс жүргізіп, өскелең ұрпақты өнерлі болып жетілуіне қызмет етпек.
Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасының маңызды тармағы ретінде Арыс қаласының «Көктем» тұрғын ауданындағы И.Журба атындағы жалпы орта мектеп жанынан 300 орындық қосымша оқу корпусын салу мәселесі де енгізілген…

ЕГІЛГЕН ТАЛ-ТЕРЕК БАҚЫЛАНУЫ КЕРЕК (-2-)

Алдыңғы

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БІРЛІГІ КҮНІ-ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІНІҢ АЙҚЫН БЕЙНЕСІ,БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ,ТҰРАҚТЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МАҢЫЗДЫ МЕРЕКЕ! (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *