ӘлеуметҚоғам

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев кезекті семинар-кеңесті Төлеби ауданының білім бөлімінің «Нысанбек» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымында өткізді. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты — өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпсіз еңбекті насихаттау және қызметкерлердің еңбек процесінің қауіпсіздігіне саналы көзқарасын арттыру болып табылады.
Семинар барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев өз кезегінде сөз алып, «Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясының қызметінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Осы орайда әр кәсіпорында бекітілген еңбек, ұжымдық шарттарда әр жұмысшының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау басым орында болуы тиіс. Әлеуметке бағдарланған кез-келген кәсіпорын бәрінен бұрын апаттың, жарақаттанушылықтың және кәсіби аурулар деңгейін төмендетуге мүдделі» — деп, Кәсіподақтар Федерациясының 2024 жылды «Лайықты еңбек жылы» деп жариялауына орай, Кәсіподақтар федерациясы тарапынан лайықты еңбек жағдайларын жасау, ұжымдық және еңбек шарттарын сақтау, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.
Сонымен қатар, қатысушылармен бірге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, олардың сұрақтарына жауаптар берілді.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Алдыңғы

ШАРДАРАЛЫҚТАР ЭКОАКЦИЯНЫ ҚОЛДАП, ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *