Тұрғындардың осы және өзге де көптеген сауалдары «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің бақылауына алынды, олардың орындалуы немесе тиімді шешу жолдары жөнінде тиісті мемлекеттік органдар тарапынан жауап берілетін болады. Жалпы, Түлкібас ауданында өткен бүгінгі мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауда 170-тен астам азаматтың талап-тілектері тыңдалды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта өңіріміздің барлық аудан, қалаларында тұрақты жүргізілетін болады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Comments