Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Алатау» жалпы білім беретін мектеп» КММ-і бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен, ҚР еңбек заңнамасына сәйкес, еңбек адамының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маман заңгері Ерлан Жандарбеков пен кәсіподақ активінің қатысуымен семинар өтті.
Жиында кәсіподақ мүшелеріне жұмыскерлер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен олардың міндеттері, мүгедектігі бар адамдардың еңбек құқықтары жайында және ҚР «Еңбек кодексі» енгізілген соңғы өзгерістер бойынша мағлұматтар берілді.
Бұдан басқа, жиын барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маман заңгері кәсіподақ мүшелеріне «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан құрылған «Татуластыру орталығы» мен «Заң клиникасы»-на жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау аясында қандай да бір мәселе төңірегінде заңгерлердің көмегіне жүгініп, тегін құқықтық кеңес алуға болатынын жеткізді.
Жиын соңында кәсіподақ мүшелері пікір алмасып, өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптарын алды.
Comments