ӘлеуметҚоғам

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ – НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС КЕПІЛІ

Партия қоғамдық бақылауды дамытуға баса назар аударады. Бүгінде еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалар нысандарында партиялық бақылау бекеттері ұйымдастырылып, бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Соның арқасында күрмеулі мәселелердің басым бөлігі тез арада шешімін тауып, атқарылған жұмыстар оң нәтижесін беруде.
Келес ауданының Біртілек ауылдық округіне қарасты Ескіқорған ауылының тұрғындары елді мекендегі Маусым көшесіне жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасыздығына көңілдері толмай, наразылық білдірген. Тұрғындар наразылығынан соң жөндеу жұмыстары көшенің соңына жетпей тоқтап қалған жолдың ахуалын көру үшін «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Ахмет Жұмабеков бастаған филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бахтияр Таженов және комиссия мүшелері аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция мүшелері Мақсат Бекбаев, Дәурен Әлімбаев және Нұржан Мұратов нысан басына барды.
Партиялық бақылау комиссиясы ахуалды зерделеу кезінде жеңімпаз болып табылған мердігер компания «Азия Комплекс Строй» ЖШС-і Ескіқорған ауылындағы 1300 метр аумақты алып жатқан Маусым көшесіне былтырғы жылы жөндеу жұмысын бастап, тұрғындар сапалы жұмыс талап еткен соң жөндеу жұмыстары көшенің соңына дейін жетпей аяқсыз қалған. Қазіргі таңда техникалары қаңтарылып тұр.
Былтыр күзде ғана асфальт төселген көшеге биыл көктем шықпай шұңқырлардың пайда болуы жұмыстың сапасыз жасалғанының дәлелі болып тұр. Халық бекер наразы болмаған екен. Мердігер компания аяқсыз қалған көшенің жөндеу жұмыстарын осы аптада алдымен шұңқырларды жамаудан бастапты. Дегенмен, тұрғындар оны жамағанмен жолдың сапасы жақсармайтынын айтып, көшенің біршама бөлігіне жаңадан асфальт төсеу қажет дейді. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелеріне көшені сапалы жөндетуге ықпал етуін сұрады. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері болып табылатын мәслихаттағы фракция депутаттары мәселені бақылауға алатындарын жеткізді.
Партияластар тұрғындар тарапынан түскен өтінішті бақылауда ұстайды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН КЕЛЕС: «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Алдыңғы

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫНДА ЖАЙБАРАҚАТТЫҚ БОЛМАЙДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *