Мемлекетті жаңғырту жөніндегі жаңа мақсат-міндеттерді іске асыруда партиялық қызметке жүктелер талаптар ауқымды. Партияластарымыз елімізде жүргізіліп жатқан барлық реформаларға ұйытқы болуға тиіс екені маңызды. Осы міндет шеңберінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы өзінің ішкі құрамының құқықтық тұрғыдағы білім-білігін арттыру мәселесін қолға алды.
Бүгін партия филиалының аппарат мәжілісінде еліміздің «Саяси партиялар туралы» заң нормаларының талаптары түсіндірілді. Құқықтық сабақты партияның өңірлік филиалының заңгер-кеңесшісі Нүркен Естебеков жүргізді. Жиынға партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, бөлім басшылары, консультанттар, филиал қызметкерлері қатысты.
Құқықтық сабақта заңға енгізілген өзгерістер мен түзетулер жөнінде ақпар беріліп, саяси партияларды құру талаптары, оларды мемлекеттік тіркеуден өткізудегі процедуралар, бастамашыл топтың қол жинауға қойылатын талаптары, партия құруда жол берілмейтін мәселелер, тағы басқа заңда белгіленген құқықтық нормалар жөнінде мағлұматтар берілді.
Партия қызметкерлерінің кәсіби дайындығын шыңдайтын құқықтық дәрістер алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп, оған аудан, қалалардағы партия филиалдарының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері жұмылдырылатын болады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Comments