Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған өңірлік Жол картасының ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау бағытының орындалуы қаралды.
Жиынға кеңес мүшелері, облыс әкімдігінің салалық басқармаларының басшылық құрамы қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ерекше қажеттілі бар азаматтарға қолдау көрсету – мемлекеттің әлеуметтік саясаттағы басымдығы болып белгіленген. Инклюзивті қоғам құру арқылы мемлекеттің әділдігі қамтамасыз етіліп, қоғамда өзара жанашырлық ұғымы үстемділік мәніне ие болмақ. Бұл туралы жиынның ашылуында сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева мәлімдеді.
Жиын барысында партияның өңірлік филиалы Саяси кеңес бюросының қабылдаған шешімімен партиялық филиал жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі кеңестің құрамына өзгерістер енгізіліп, оның төрағасы болып Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, партиялық фракция мүшесі Ғалымжан Елшібай бекітілгені айтылды. Жаңа төрағаның қатысуымен өткен алғашқы отырыста ерекше қажеттілігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау шаралары, оларға қолжетімді орта қалыптастыру міндеттері, осы санаттағы тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы жан-жақты қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашовтың хабарламасы тыңдалды. Ресми статистика бойынша, Түркістан облысында 98,7 мың адам мүгедектігі бар азаматтар санатында есепке алынған…
Comments