ӘлеуметҚоғам

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАҒЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫ – ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

Бүгін Кентау қаласына жасаған жұмыс сапары аясында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева «Кентау Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, техникалық қайта құрылымдау жұмыстарының атқарылу барысын қоғамдық бақылаудан өткізді. Кентау қаласын жылумен қамтушы ұйым — №5 Жылу энерго орталығындағы кешенді құрылымдау жұмыстары «AMANAT» партиясының айрықша назарына алынған.
Жылу станциясының негізі осыдан 90 жыл бқрын қаланған. Тиісті құрылғылар 1952 жылы орнатылып, бүгінгі таңда жылу энерго орталығының техникалық тозу деңгейі 87,2 пайызға жеткен. Соңғы мәрте нысандағы күрделі жөндеу жұмыстары 2012 жылы атқарылған. Бекітілген талаптар бойынша, ауқымды жөндеу жұмыстары әр 5 жыл сайын өткізілуі тиіс.
Қазіргі кезде кәсіпорындағы 5-ші және 6-шы жылу қазандықтары ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатса, 7-ші, 8-ші, 9-шы, 10-шы, 11-ші, 12-ші жылу қазандықтары толық реконструкциядан өтуі тиіс. Оның ішінде 8-ші қазандық – 75 пайызға, 11-ші қазандық – 95 пайызға монтаждаудан өтуі керек. Нысанды қайта құрылымдау жұмыстарын «ЭМ-Холдинг» ЖШС-гі атқаруда.
Одан бөлек, жылу магистралдарінің жалпы ұзындығы 38,1 шақырымды құрайды, ішкі орамдық жылу жүйелерінің ұзындығы – 130,9 шақырымға тең. Жылу жүйелерінің тозу деңгейі 85,2 пайызға жеткен. Жүйелерді жөндеу жұмыстарының І кезеңінің құны 4,4 млрд. теңгені құрап, 2023 жылдан бастап жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Аманаттық өкілдер осы санаттағы жұмыстардың атқарылу барысын мердігер ұйым мен техникалық қадағалаушы ұйымның жауапты азаматтарынан, кәсіпорынның басшылығы мен инженерлерінен сұрап біліп, стратегиялық маңызы бар нысанның техникалық дайындығы – мемлекеттік маңызы бар міндет екенін айтып, жөндеу жұмыстары барысында кезігетін кез келген мәселе бойынша партия басшылығына хабарлауды, партиялық құрылымдармен кері байланыс орнықтыруды тапсырды.
Айта кету керек, №5 Жылу энерго орталығындағы жөндеу жұмыстарын қоғамдық бақылауда ұстау үшін партияның Кентау қалалық филиалы нысанда партиялық бақылау бекетін ашқан. Партиялық бақылауға жауапты азаматтар бекітіліп, олардың байланыс телефондары көрсетілген тақтайша нысандағы көпшілікке арналған орынға ілінген.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР БАЯНДЫ ІСТЕ БІРІГЕДІ (-3-)

Алдыңғы

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің отыз екінші отырысы өтті. (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *