ӘлеуметҚоғам

БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР БАЯНДЫ ІСТЕ БІРІГЕДІ (-1-)

Бастауыш партия ұйымдарымен ықпалдастық байланыстарды арттыру – «AMANAT» партиясының алға қойған маңызды қоғамдық-саяси басымдықтарының бірі болып белгіленген. Жергілікті жерлердегі партия белсенділерінің басын біріктіріп отырған бұл ұйымдар – азаматтық бастамалардың ұйытқысына айналып, қоғамдастықты ортақ мақсатқа топтастырушы ықпалды әлеует болып отыр.
Партиямыздың Түркістан облыстық филиалы нәр алар тамыры болып отырған бастауыш ұйымдармен терең байланыстар орнықтыруды мақсат тұтып, партияның өңірлік филиалының басшылығы аудан, қалалардағы бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен жүздесу жиындарын өткізуді қолға алды. Осы міндет аясында бүгін партияның Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева өзінің Түркістан облыстық мәслихатының депутаты болып сайлануына үлес қосып, сенім артқан Кентау қаласындағы партияластарымызбен бірқатар кездесу жиындарын өткізді.
Мақсаты бір, мүддесі ортақ партияластардың жүздесу жиындары бастауыш ұйымдардың алаңдарында өтті. Кентау қаласына жұмыс сапарымен барған Қалыйма Жантөреқызы алдымен Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебіне барып, осы білім ұясында әрекет ететін «Байтұрсынов» бастауыш партия ұйымының белсенділерімен жүздесті. Бастауыш ұйымның жетекшісі, осы мектептің директоры Бибігүл Бөрібайқызы 300-ден астам азаматты біріктіретін ұйымның атқарып жатқан қызметін баяндап, партиялық жобалар бойынша атқарылған жұмыстардың есебін берді. Осы білім беру ұйымында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында қамтылғанын айта отырып, құрылыс барысы партиялық бақылау бекеті арқылы тұрақты назарда болғанын жеткізді…

«КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА КІТАП КҮНІ АТАЛДЫ (-2-)

Алдыңғы

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША СҰРАНЫСТАРЫ ШЕШІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *