«AMANAT» партиясы сайлаушылардың талаптарын бұлжытпай іске асыруға жұмылып отырған ықпалды саяси күш екені белгілі. Тұрғындардың көңіл күйін саралай отырып, олардың қояр талабын, айтар өтінішін тыңдауға ден қойған партия, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын жаңа мазмұнда ұйымдастыруға басымдық беріп келеді. Халыққа мейлінше жақын, азаматтарға барынша қолайлы болуды мақсат тұтады. Қызметтің мұндай форматы тиімділік тұрғысындағы нәтижесін де беріп келеді.
Мәселен, партияның Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелері сұраныспен жүгінген әрбір тұрғынның көтерген мәселелерінің оң шешім табуына қолдан келер көмектің барлық мүмкіндіктерін қарастыруда. Партияластарымыздың ықпалымен шешімін тапқан мәселелерді ортақ жеңісіміз деп бағалап, пайымдаймыз, қоғамымыздың орнықты дамуына қосқан үлесіміз деп білеміз.
Қызметіміздің тиімділігін көрсететін нақты мысалдарды тізбектеп шығар болсақ, құлаш-құлаш мақалалар әзірлеуге болатындай. Әріге бармай-ақ, жыл басынан бері көмегіміз тиген нақты деректер жөнінде айта кеткенді жөн көріп отырмыз.
Атап айтқанда, партияның Жетісай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Атамекен, Мақталы ауылдық округтерінде және Жетісай қаласында тұратын әйел азаматтар хабарласып, банктік несиесін жабуға қаржылай көмек сұрады, тұрақты жұмысқа орналасуға қолдау көрсетуді өтінді, науқас болуына байланысты дәрігерлік бақылаудан өтуге жәрдем көрсетуге өтініш білдірді. Партиялық алаңда өткен қоғамдық қабылдауға қатысқан Жетісай аудандық мәслихатының депутаты, партиялық фракцияның мүшесі Алладин Мырзаханов тұрғындар көтерген мәселелерді өз бақылауына алып, олардың отбасыларына азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсетті, банктік несие қарызын жартылай өтеуге жәрдем берді…
Comments