ӘлеуметҚоғам

ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК

Баршаңызға белгілі, еліміздегі су тасқынына байланысты төтенше жағдай орын алып, салдарынан елдегі бірқатар елді мекендерді су басты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл күндері барша отандастарымызбен бірге Түркістан өңірінің кәсіподақтары да су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғындарының хал-жағдайларына алаңдаушылықтарын білдіре отырып, көмек қолын созуды жөн көріп, материалдық қайырымдылық көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын арнайы есепшотқа аударды.
Сондай-ақ, Түркістан облысы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі төтенше жағдай жарияланған елді мекендердегі зардап шеккендерге бір реттік, қомақты қаржылай көмек көрсетті.
Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты бірлесе, міндетті түрде еңсереміз. “Бірлік бар жерде, тірлік бар”- деген атамыз Қазақ. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.

«ҚАМҚОРШЫ АМАНАТ» ҚОРЫ ҚҰРЫЛДЫ

Алдыңғы

«ТҰРАН СУДЫҢ» ТЕХНИКАЛАРЫ МЕН МАМАНДАРЫ БАТЫСТА ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БӨГЕТІН НЫҒАЙТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *