ӘлеуметҚоғам

ҚАСИЕТ ҚОНҒАН ҚҰТ МЕКЕН – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА (-2-)

«Киелі мекен» апталығы партиямыз бастамашыл болып табылатын «Вандализмге жол жоқ!» акциясымен үндесіп, оның шеңберінде «Кемеқалған» монументі кешеніндегі безендіру тастарына жазылған жазбалар мен сызықтар өшірілді.
Айта кету керек, «Кемеқалған» ескерткіші халқымызда ежелден бар «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған?!» дейтін аңыздарда ізі бар тарихи шежірелердің негізінде салынған монументалды кешен. Қарт Қазығұрттың етегіндегі ең биік нүктеде орын тепкен. Іргесінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі өтіп, Қазақстан мен Өзбекстан республикаларының мемлекеттік шекарасынан өткен жолаушылардың барлығы осы нүктеден Атажұртымыздың көркем табиғатына көз тастайды.
Аядай нүкте бүкіл еліміздің абыройын асырып, халқымыздың сан ғасырлық тарихын паш етеді. Қасиетті жер пұшпағы облыстық партия филиалының тұрақты қамқорлығына алынып, осы аумақты көркейту мен абат етудің жоба-жоспарлары үнемі назарымызда болады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ҚАСИЕТ ҚОНҒАН ҚҰТ МЕКЕН – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА (-1-)

Алдыңғы

«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *